жаңалықтар

“Photocamp” фотобайқауының нәтижесі

2021 жылдың 9 мен 16 тамызы аралығында «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымының ұйымдастыруымен «Photocamp-2021» элективті курсына қатысқан оқушылар арасында өткен фотобайқаудың нәтижесі жарияланды. Қазылар алқасы отырысының шешімі бойынша Нұр-Сұлтан қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушысы Маргарита Юрьева жүлделі ІІ орынға ие болды.
 
Елордадағы Назарбаев Зияткерлік мектебі атынан байқауға 10-сынып оқушылары Нұрай Сұлтан және Маргарита Юрьева қатысып, бақтарын сынады. Олар «National Geographic Kazakhstan» фототілшілерінен алған білімді пайдаланып, туған жердің небір көрікті жерлерін камераға шебер түсіре білді.
 
Желілік фотобайқауда қатысушылардың кәсіби фотоаппаратқа түсірілген жұмыстары 4 бағыт бойынша бағаланды. Олар: «Өлкетану. Туған елге тағзым», «Қоғамға қызмет ету», «Менің қаламның бейнесі – бақыттың сәті..» және «Менің жазғы демалысым». Байқау нәтижесіне сәйкес жүлделі І орынды Диас Баймухаметов (Семей қаласындағы НЗМ), ІІ орынды Маргарита Юрьева (Нұр-Сұлтан қ. НЗМ), Бакыт Хаман (Шымкент қ. НЗМ), ІІІ орынды Амина Рашид (Қарағанды қ. НЗМ), Ульяна Коленченко (Павлодар қ. НЗМ) және Зере Жаирбаева (Алматы қ. НЗМ) иеленді.