жаңалықтар

Түлектермен кездесу

2021 жылдың 7 қыркүйек күні Нұр-Сұлтан қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебіне Халықаралық Бакалавриат емтихандарында 45-тен 44 балл жинаған Анель Жусубали келді.
 
Халықаралық Бакалавриат дипломын табыстай отырып, мектеп директоры Сабыржан Садуакасов өз ризашылығын білдірді.
 
– Мектеп тарихында емтиханда ең жоғары бал жинап, рекордтық көрсеткішке ие болуы үлкен еңбектің, оқу қабілетінің, табандылық пен мұғалімдер шеберлігінің үлгісі десе де болады. Алтын ұя мектебімізде шәкірт болып, балдай тәтті балалық шағыңды осы білім ордасында өткізгеніңе ризамыз. Болашағың жарқын, бағытың айқын болсын. Жұртқа жұғымды, елге сүйкімді қалпыңнан айнымай, алда талай асу белестерді бағындыра бер. Еліміздің көркеюіне үлес қосар білімді де білікті азаматшасы болуыңа тілектеспіз, – деп мектеп директоры Анельге ақ жол тіледі.
 
Анель де өз кезегінде мектебіне, білім нәрімен сусындатқан ұстаздарына үлкен алғысын білдірді.
 
Айта кететін жайт, Халықаралық Бакалавриат дипломдарының электронды нұсқасын алған түлектер енді Дипломның өзін алу үстінде.