Зияткерлер «Не? Қайда? Қашан?» ойынында жеңімпаз атанды
NIS халықаралық бакалавриат мектебінің білім алушылары елордалық оқушылар арасында өткен зияткерлік ойынға қатысты.
Мектеп намысын 11-12-сынып оқушылары – Айдана Валихан, Асема Аубакир, Сара Тапалова, Зарина Мауленова, Аида Давлетова, Санжар Қожахмет қорғады.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, жаңа маусым Мұғалімдер күніне арналған ойыннан басталған және сұрақтар да күрделене түскен.
Айта кетейік, бұл зияткерлердің алғашқы ойыны болғанымен, жеңісті қанжығаларына байлады.
– Біз үшін бұл үлкен тәжірибе болды және осындай форматтағы ойындарға деген қызығушылығымызды арттырды. Ойын барысында ұстаздық қызметтің қыр-сырына қатысты біраз сұрақтарға жауап бердік. Алдағы уақытта «Не?Қайда?Қашан?» ойынның жаңа маусымына қатысуды жоспарлап отырмыз, – дейді NIS оқушысы Санжар Қожахмет.
Танымдық ойын Ресей ғылым және мәдениет орталығы қарамағындағы «Русский дом» ұйымының қолдауымен өтті.