жаңалықтар

NIS делегациясы WALS-2022 халықаралық конференциясына қатысуда

NIS делегациясы 20-22 қыркүйек аралығында Малайзияда өтіп жатқан қоғамдастықты қолдау және сапалы білім беруді қамтамасыз ету саласындағы сабақтарды зерттеу бойынша WALS конференциясына қатысады.

Конференцияға NIS Халықаралық Бакалавриат мектебінің мұғалімдері – Арман Иманшарипова, Жадыра Сейсенбаева, Несібелі Нұридин және Әлима Құрбанғалиева қатысуда.

Дүниежүзілік Сабақты зерттеу қауымдастығы (WALS) оқыту сапасын арттыру мақсатында сабақты зерттеу саласындағы зерттеулер мен практикаларды ілгерілетуді, дамытуды мақсат етеді.

Қауымдастық өз мүшелері арасында зерттеу, өзара көмек және ақпарат алмасу саласындағы ынтымақтастық үшін платформа ұсынады.  Оның құрамына білім беру саласындағы зерттеушілер мен оқыту саласындағы мамандар кіреді.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, конференцияға әлемнің 31 елінен 756 қатысушы (317 халықаралық, 439 жергілікті) қатысуда.