жаңалықтар

Тәуелсіз елдің ертеңі бүгінгі күннен де жарқын

 Нұр-Сұлтан қаласы Назарбаев Зияткерлік мектебінде тұғырлы Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына орай “Тәуелсіз елдің ертеңі бүгінгі күннен де жарқын” атты” TEDx пікірлер алаңы ұйымдастырылды.

 Саналы, білімді өскелең ұрпақ қалыптастыруда TEDх жобасының орны ерекше.

TEDx алаңында 11-10 сынып оқушылары Кенес Жания, Қуаныш Іңкар, Оразхан Елназ және Абдикаримова Жанетта қазақ ұлттық киім бренді, қазақ би өнері, ментальды денсаулық және сенімділік жөніндегі өз кейстерімен бөлісті.

Оқушылармен өз тәжірибесімен бөлісуге Нұр-Сұлтан қалалық мәслихат депутаты, “Jas Otan” ЖҚ Елордалық филиалының төрағасы Жанділдаев Бақдәулет Болатұлы және “Nur Otan” партиясы жанындағы “Jas Otan” ЖҚ-ның Ұйымдастыру-бақылау жұмысының маманы Бақтан Перизада Бердібатырқызы келді.

Бақдәулет Болатұлы оқушылармен өмірдегі жалпы жетістіктер жөнінде сөз қозғады. «Еңбек етсең ерінбей, Қарның тояр тіленбей»- деп сөзін қысқа қайырып, мақсат қоюдың маңыздылығын тілге тиек етті.

TEDx-тің басқа конференциялардан айырмашылығы – ол бейресми, еркін пікір алаңы. Ол адамдарға өз ойымен бөлісуге, ауызша сөйлеу тілің жетілдіруге көмектеседі.

NIS халықаралық бакалавриат мектебінде TEDx форматындағы конференциялар жүйелі түрде өтеді.

Бүгінгі ой алаңын ұйымдастырған Қазақстан тарихы пәні мұғалімдері: Жолдыбаева Раушангүл Тұрсынахуновна және Ғазиз Ақтоты Ғазизқызы.