жаңалықтар

«Tasty book» фестивалі өтті

«100 кітап» жобасы аясында, сонымен бірге үштілділікті қолдау және оқушыларды тарихты білуге үйрету, қазақ халқының және басқа халықтардың мәдениетін құрметтеу мақсатында халықаралық бакалавриат мектебінде «Tasty book» фестивалі өтті

Жобаға 7-сынып оқушылары қатысып, сүйікті кітаптарын таныстырды. Атап айтсақ, «Кішкентай ханзада», «Ғажайып ғаламшар», «Үш бақытым», «Алиса ғажайыптар елінде».

– Бұл фестиваль мектебімізде дәстүрлі түрде өтеді. Басты мақсат оқушылардың кітап оқуға және өзін-өзі дамытуына жол ашу. Сондай-ақ топтық жұмысты жақсарту, – дейді педагог-ұйымдастыру-кураторлар.

Оқушылар қызықтырған кітаптарын таңдап, сүйікті кейіпкерін кітаптың мұқабасында көрсетілген тәтті кітап-торт пісірді.

Жеңімпаз командалар:

Гран-при – 7 С

І орын – 7 Е

ІІ орын –  7 А

ІІІ орын – 7 В

Алғыс хат 7 f