жаңалықтар

NIS халықаралық бакалавриат мектебінің оқушысы Аяжан Мұсаева таэквондодан ашық біріншілікте жүлделі ІІ орын иегері атанды

«Дала мұрасы» атты ашық біріншілік Шымкент қаласында қазан айында өтті. Турнирда Қазақстан, Тәжікстан, Қырғызстан, Өзбекстаннан келген спортшылар бақ сынасты.

Аяжан 14-15 жас категориясы бойынша шаршы алаңға шығып, жақсы ойын көрсетті. Оның айтуынша, жарыс өте жоғары деңгейде өткен.

– Бұл  жолы мен жекпе-жек өнерінің осы түрі басқа елдерде қалай өтетінін, техникалардың ұқсастығы және біздің ерекшелігімізді түсіндім. Үнемі шиеленіс пен толқудың арқасында қиын болды, әсіресе біздің команданың аға спортшылары ретінде біздің міндеттеріміз балаларды үнемі бақылауды қамтыды, – дейді жас спортшы.

Айта кетейік, Аяжан Мұсаева таэквондодан 6-гып иегері.