«Қазіргі Қазақстан мектебінің жағдайындағы STEAM білімі»
Шеберлік сабағы Caravan of Knowledge Қазақстан Республикасының Білім Министрлігімен және Chevron Munaigas Inc бірлесіп іске асыратын «Jana Talap» жобасы шеңберінде ұйымдастырылды.
Шебер-сыныпқа Қарағанды облысы Нұра ауданына қарасты «Сәкен Сейфуллин атындағы жалпы білім беретін мектебі» мен «Қарой жалпы білім беретін мектебінен» 20-ға жуық жаратылыстану-математика бағытындағы мұғалімдер қатысты. Бұл қатысу көрсеткіші STEAM оқыту білімінің өзекті де, сұранысқа ие екенін дәлелі.
Шебер-сыныбы барысында 3 негізгі бағыт қарастырылды, атап айтсақ, 5Е оқыту моделі, инженерлік жобалау және мәселеге негізделген оқыту (PBL).
– Бүгінгі шебер-сабағымыздың нәтижесі бойынша әрбір мұғалімнің үнемі ізденуші, үздіксіз оқушы және жаңашыл педагог екеніне көз жетті. Сабақтарды ұйымдастырған әріптестерімізге рахмет, – дейді қатысушылар.
Шеберлік сыныбын физика пәні мұғалімі Арман Иманшарипова және дизайн кафедрасының мұғалімі Қымбат Дюсембаева өткізді.