жаңалықтар

Түлектер кеші: «Арман – Үміт – Сенім кемесі»

NIS халықаралық бакалавриат мектебінде 2023 жылғы түлектерге арналған «Арман – Үміт – Сенім кемесі» атты мерекелік іс-шара өтті

Аталмыш шараны ұйымдастырушы мектеп әкімшілігі, ата-аналар қауымдастығы. Ұйымдастырушылардың айтуынша, осындай кеш арқылы алдағы аптада сынақ тапсыруға дайындалып жүрген оқушылардың көңіл-күйін көтеріп, ақ жол тілеп, жақсылықты жоспарлау.

Іс-шара барысында мектебіміздің психологтары тренинг өткізіп, кураторлар мен мұғалімдер квест жүргізсе, ата-аналар мерекелік концерт пен үлкен дастархан жайды.

Кеш соңыңда сөз алған мектеп директоры Сабыржан Садуақасов барша қатысушыларды құттықтап, алдағы емтихандардан сүрінбей өтуге ақ жол тілеп, алғаш болып IB түлектері деген төсбелгіні табыстады.

– Бүгін біздің сүйікті мектебімізде түлектер мен ата-аналар үшін үлкен мереке өтті. Бұл емтихан алдындағы балаларға арналған мотивациялық іс – шараға айналып қана қоймай,барлығын-ата-аналарды, балаларды және тәрбиешілерді біріктірді, қуаттандырды, позитив сыйлады. Біздің барлығымыздың ортақ міндетіміз – бақытты болу,табысты болу,жақсылық жасау,жақсылық жасау және біртұтас болу,– дейді 12-сынып ата-анасы Светлана Семёнова.