жаңалықтар

NIS халықаралық бакалавриат мектебінің оқушылары «Шабыт» жобасының қонақтарымен кездесті

Кеш қонақтары өз қызметін, шығармашылығын балалар әлемімен ұштастырған белгілі ақын, журналист Мақпал Жұмабай мен ҚР Жазушылар одағының мүшесі, балалар ақыны, журналист Серікбол Хасан болды.

– Шығармашылық бар адамның бойынан табылады. Оның кілтін таба білсе, ол адамның бақыты,– дейді Мақпал Жұмабай.

Кездесуде Серікбол Хасан  мектеп оқушыларына өзінің  шығармашылық жолға қалай келгенін айтып, білім мен біліктің ұйытқысы болған ұстаз ұғымының ұлылығын тілге тиек етті.

– Оқушының бағын жағатын тұлға – ұстаз. Ата-ана өз деңгейінде тәлім-тәрбиесін береді. Ал ұстаз баланың ары қарай шырағын жағып, мықты маман болуына әсер етеді.

Кеш қонақ кәдемен жалғасып, оқушылар авторлардың өлеңдерін жатқа оқыды. Келелі кездесуді тікелей эфирде жүздеген көрермен қарауға мүмкіндік алды.