“Sen bilesin be? – NIS IB”
Нұр-Cұлтан қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі Халықаралық Бакалавриат (IB) бағдарламаларын пайдалана отырып, дарынды оқушыларға білім беру мүмкіндіктерін ұсынатын және зияткерлік қоғамдастықты, мәдениетаралық түсіністік пен оқуды өмір бойы бағалай білуді дамыту миссиясы cаналатын халықаралық мектеп болып табылады.
Нұр-Сұлтан қаласындағы NIS 2016 жылдың маусым айында Халықаралық Мектептер Кеңесінің (CIS) аккредиттеу туралы куәлігін алды. Оның негізгі міндеті мектеп қызметін халықаралық білім беру стандарттарына сәйкес сырттай бағалау болып табылады.
2015 жылдың қараша айында Нұр-Сұлтан қаласы НЗМ мектебі 7-10 сынып, яғни, 12-16 жас аралығындағы оқушыларға арналған негізгі мектеп бағдарламасы бойынша Халықаралық Бакалавриаттың авторизациясын алды. Негізгі мектеп бағдарламасы студенттерді табиғаттағы және әлеуметтік кеңістіктегі рөлі туралы білуге бағыттау үшін жасалған.
MYP бағдарламасындағы оқытудың негізі оқушы болып табылады. Ол өз кезегінде Халықаралық Бакалавриаттың оқушының тұлға ретінде жан-жақты және рухани дамуына, сонымен қатар оның өз бетінше білім алатындығына сенімділік ұялатады. Негізгі мектеп бағдарламасы оқушыларды табиғаттағы және әлеуметтік кеңістіктегі өз рөлін түсінуге бағыттайды. Бағдарлама оқушының мектеп ұсынатын Халықаралық Бакалавриаттың Дипломдық бағдарламасында оқуға өз бетінше дайындалуын қамтамасыз етеді.