жаңалықтар

NIS халықаралық бакалавриат мектебінде READx жобасы өтті

«100 кітап» тәрбиелік-ұлттық жобасы аясында 11-сынып оқушылары арасында READx  конференция өтті.  Аталмыш шара биыл алғаш рет конференция форматында өтуде.

Педагог, ұйымдастырушы-куратор Құралай Оралбекқызының айтуынша, конференция барысында оқушылар өзінің дүниетанымы мен өміріне ерекше әсер еткен кітап туралы баяндаған.

Жобаға 16 қатысушы қатысып, ой бөлісті.  Қатысушылар әлемдік және отандық классиктердің шығармаларын көпшілікке таныстырды.