жаңалықтар

NIS халықаралық бакалавриат мектебінде квест ойын өтті

«Шаңырақ» жобасы аясында Нұр-Сұлтан қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде «Жасырын Қазына» квест ойыны өтті. Квест ойынға 7-9 сыныптар арасында 10 шаңырақ қатысып, уақыттарын тиімді өткізді.

Сайыстың мақсаты: оқушылардың ұжымдық рухын қалыптастыру,  өзара түсіністік пен ынтымақтастықты нығайту және салауатты бәсекелестік орта құру.

Сайыс нәтижесінде тапқырлық танытқан Шымбұлақ шаңырағы 3-орын, Алтынемел шаңырағы 2-орын, Каспий шаңырағы 1-орын иеленсе, гран-при Алакөл шаңырағы жеңіп алды.

Астана, Баянауыл,  Байқоңыр,  Алатау,  Орал, Ұлытау шаңырақтары алғыс хатпен марапатталды.

Мектебіміздің педагог, ұйымдастырушы-кураторы Ділдабек Бегайдаровтың сөзіне жазылған «Шаңырақтар» гимнінің тұсауы кесілді. Әнді нақышына келтіре орындаған 7-сынып оқушылары Мирас Жарас және 8-сынып оқушысы Айбибі Ерхатқызы.