жаңалықтар

Оқушылар арасындағы Quest game сайысы жалғасуда

Оқушылар арасындағы Quest game сайысы жалғасуда. Бұл жолы қабілеттерін 8-сынып оқушылары сынады.
5 кезеңдік сайысқа қатысушылар білек сыбана қатыса кетті. 1-кезеңде Jeopardy викториналық ойыны өтті. Аталған кезеңде топ басшылары сұрақтарға жауап берсе, 2-кезеңде оқушылар суреттерде жасырылған мақал мәтелдерді табуға талпынды. 3-кезең суретте бейнеленген тұлғаларды пазл түрінде құрастырса, 4-кезеңде анаграмма шешті. Ойынды қорытындылайтын 5- кезең кроссворд шешуге арналды. Сол арқылы оқушылар еліміздің қалалары бойынша білімдерін паш етті.

Ойын барысында оқушылар кезеңдердің тапсырмасы бар конверттердің орналасқан орындарын анықтап, бағыт-бағдарлар арқылы келесі кезеңге өтуге мүмкіндік алды. Топтар мектеп ішінен ұйымшылдықпен, тапқырлықпен және шапшаңдықпен конверттерді тауып, бақтарын сынады.

Айта кету керек, ойын ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай Нұр-Сұлтан қаласы Назарбаев Зияткерлік мектебінің Тілдерді меңгерту кафедрасы, ағылшын тілі мұғалімдерінің ұйымдастыруымен өтуде.

 Квест нәтижесінде 8 В сыныбы жеңімпаз атанды.