жаңалықтар

Ахмадиева Құралай Тлеубердіқызы “Астана каласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі” директоры болып тағайындалды.

Құралай Тлеубердіқызы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінде білім алып, “тарих пәні мұғалімі” мамандығын сәтті аяқтап, магистр дәрежесін алды.

НЗМ жүйесінде 2011 жылдан бері істейді. Әдіскерден бастап, Астана қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі директорының орынбасары қызметіне дейін өсті. 2020 жылы Құралай Тлеубердіқызы Атырау қаласындағы «Химиялық-биологиялық бағыттағы Назарбаев Зияткерлік мектебін» басқарды.

2022 жылдан бастап Астана қаласындағы Халықаралық мектеп директорының орынбасары қызметін атқарды. IB бағдарласында мол тәжірибесі бар. Білікті маман өзінің кәсіби дамуына көп көңіл бөледі, ол – оқу-әдістемелік семинарлар және халықаралық конференциялардың белсенді қатысушысы.