жаңалықтар

🌱Маусым айында «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымы мен National Geographic Kazakhstan бірлескен «Photo camp» элективті курсы өткен болатын.

📍Алматы қаласы химия-биология бағытындағы NIS мектебінде бір апта бойы еліміздің түкпір-түкпірінен келген 70-ке жуық зияткер оқушы мен жетекшілері әйгілі журналдың фотографтарынан дәріс алып, біліктіліктерін арттырған жоба қазір жалғасын тапты.

🌱Тәуелсіздіктің 30 жылдығы аясында Нұр-Сұлтан қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде элективті курс нәтижесінде «Фотокөрме» ұйымдастырылды.

Фотокөрмеге Нұрай Сұлтан және Маргарита Юрьеваның фото суреттері көпшілікке ұсынылды.

🌱Жас фотографтар «Өлкетану.Туған елге тағзым», «Менің сүйікті қалам» бағыттары бойынша өз туындыларын паш етті.

📣Оқушылар туындыларын ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арнайды.