жаңалықтар

Наурыз кездесулері – үлкен ғылымға алғашқы қадам

Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев NIS-тің Наурыз кездесулерін үлкен ғылымға жасалған алғашқы қадам деп атады

«Биомедицина, инженерия және технологиялар» атты ХІІ Наурыз кездесулері NIS-тің жүзден астам жас ғалымы мен еліміздің барлық аймақтарындағы ауыл мектептерінің 50-ден астам оқушысын жинады.

«Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ басқарма төрағасы Ануар Жанғозин Кездесулердің басты тақырыбына айналған биомедицина мен денсаулық сақтау саласына жасанды интеллект пен машиналық ойлауды енгізудің өзектілігін және жас өнертапқыштардың жаһандық ғылымның сұранысқа ие бағыттары бойынша жұмыс істеуге деген ұмтылысын ерекше атап өтті.

Елордадағы физика-математика бағытындағы Зияткерлік мектепте 2023 жылғы «Биомедицина, инженерия және технологиялар» атты XII Наурыз кездесулері салтанатты түрде ашылды. NIS халықаралық бакалавриат мектебінен Ыдырысбаева Томирис, Айдаргалиева Айым, Турсынхан Таир, Султангазинов Батырхан, Мамырбек Жәнел қатысуда.