жаңалықтар

Лейла Салкен – шетелдің  беделді университеттеріне шақырту алды

NIS халықаралық бакалавриат мектебінің 12-сынып оқушысы Лейла Салкен шетелдің  беделді университеттеріне шақырту алды

Лейла АҚШ-тың екі беделді – Williams College және Indiana University Bloomington-ке шақырту алды. Сондай-ақ оқушымыз арнайы грант иегері атанды. Алдағы уақытта Лейла экономика саласы бойынша білім алатын болады.

– Мен математика пәнінің мұғалімі Әділет ұстазыма және кәсіби бағдар беруші Альфия Саламатовнаға осы бағытта оқуға көрсеткен қолдауы мен ақыл-кеңестері үшін алғысымды білдіремін.  Williams College шақыырту алғаныма қуаныштымын, өйткені бұл математикадағы № 1 либералды өнер университеті және олардың оқу жүйесі ерекше, – дейді Лейла.

Лейланың айтуынша, алдағы уақытта ол емтихандарға дайындалып және сүйікті ісімен айналысатын болады.