жаңалықтар

«Жақсылық жасап жарысайық» марафоны жалғасуда

NIS халықаралық бакалавриат мектебінде «Жақсылық жасап жарысайық» марафоны жалғасуда

Мектебіміздің 8F және 10А сыныптарынан құралған «Шымбұлақ» шаңырағының оқушылары мен ата-аналарының қолдауымен «Ана мен бала ұлттық ғылыми орталығының» онкологиялық бөліміндегі бүлдіршіндерге мерекелік кеш ұйымдастырылды.

Орталықтағы балалардың көңілін сахналық көріністер, мерекелік концерт және арнайы аниматорлар көтерді. Сондай-ақ орталыққа үстел ойындары мен тұрмыстық қажетті заттар табысталды.

– Сәбидің бәрі бақытты болуға лайықты. Орталықтағы балалардың тез сауығып кетуін тілей отырып, жаңа жыл қарсаңында акцияны жалғастыруды жоспарлап отырмыз, – дейді педагог-ұйымдастырушы-куратор Гүлдана Молдағалиева.

Мектеп әкімшілігіне «Ана мен бала ұлттық ғылыми орталығының» басшылығы атынан алғыс хат табысталды.

– Біздің ерікті достарымыздың арқасында балалар мен олардың ата-аналары қуат алатын, аурухана күндерінен, медициналық процедуралардан алшақтайтын іс-шаралар өткізіледі, мұндай іс-шаралар балалар мен ата-аналарға аурумен күресуге жаңа күш береді, – дейді орталық қызметкерлері.

Айта кетейік, қайырымдылық марафоны мектеп қауымдастығы арасында дәстүрлі түрде өткізілетін жобалардың бірі.