жаңалықтар

«Keipker»: Жания Кеңес

🔹 «Keipker» айдарына қош келдіңіз!

Мектептің жаңа президентін сайлау қарсаңында біз өткен оқу жылы несімен есте қалғанын еске түсіруді жөн көрдік. Бұл сұраққа 2020-2021 оқу жылындағы өзін-өзі басқару ұйымының президенті Жания Кенес  «Keipker» айдарында жауап берді.

🔹Үстіміздегі оқу жылында алға қандай мақсаттар қойылды?

— Сайлау науқаны барысында және жыл бойына болсын өзін-өзі басқару ұйымы өз алдына қойған бірнеше мақсат болды. Ең бастысы біз оқушылардың ментальды денсаулығына көңіл бөлдік.

1.Mental support (әр ай сайын NIS қауымдастығы үшін SC-тен сауалнама өткізу);
2.Social media: Tik Tok & IG, Telegram желілерін қолға алу;
3. Оқушыларға арналған пайдалы және ойын-сауық челлендждері / конкурстар/іс-шараларды ұйымдастыру;
4.Мұғалімдерге арналған іс-шаралар (дебаттар және қызықты тұлғалармен кездесулер);
5.Evening talks: бүкіл мектеп қоғамдастығы үшін танымал тұлғалармен жүздесу;
6.Турнирлер (esports, шахмат, спорт, ойын-сауықтық және тб);
7. Басқа мектептермен серіктестік аясындағы бірлескен іс-шаралар;

🔹Күрделі мәселелер туындаған кездер болды ма?

— Ия, кей жандар үшін президенттік қажет емес іс болып көрінуі мүмкін, алайда іс жүзінде бүкіл өзін-өзі басқару ұйымының жұмысы осы адамның, яғни, президенттін жауапкершілігіне тікелей байланысты. Кез-келген қызмет сияқты, моральдық тұрғыдан қиын жағдайлар да болатыны жасырын емес. Негізінен, бұл басында болды, өйткені біз өзін-өзі басқару құрылымын өзгерттік, ережелер мен міндеттерді қайта құрдық. Сондай-ақ, іс — шаралар кезінде форс-мажорлық жағдайлар болып тұрады. Карантиндік шараларға байланысты бізде барлық дерлік кездесулер онлайн өтті. Техникалық ақаулар, шақырған қонағымыз кездесуге қосыла алмаған жағдайлар және алдын алуға болмайтын жағдайлар бірнеше рет орын алды. Алаш қайраткері Мағжан Жұмабаев айтқандай: «Адамның түзу жолға түсуінің бірінші шарты — өзін-өзі тексеру, өз қатесін көре білу, келешекте сол қателікке жол бермеуге ұмтылу». Расында біз өткен қателіктерді түзеп, басқа іс-шараларды жоғары деңгейде өткізуге әрдайым тырыстық.

🔹Сізді кім немесе не шабыттандырады?

— Президенттің басты мақсаты — мектепті жақсарту екені ешкімге құпия емес. Сондықтан мені алға қойған мақсаттарымыз жетелейді. Сонымен қатар, мектеп қауымдастығынан кері байланыс. Мені қолдағандардың барлығына рахмет)🤍 және менің ең керемет мектеп әкімшілігіне, әсіресе министрлерге алғысымды білдіремін ❤️

🔹 Түлектерге тілегіңіз?

— Мен түлектерге өмірде сәттілік пен бақыт тілеймін! DP жақында аяқталады, демек, дедлайн уақыттары жақындап қалды. Ең бастысы-ғажайыптарға және өзіңізге сенуді ұмытпаңыз! 💓 Баршаңызға рахмет!