жаңалықтар

IBeeMUN – БҰҰ моделінің алғашқы конференциясы өтті

NIS халықаралық бакалавриат мектебінде «IBeeMUN 2022» халықаралық конференциясы өтті.  

Конференция ұйымдастырушылары  Жания Кенес және Фатима Ришатқызы.

Конференцияға Әзірбайжан мен Испания секілді елдерден 170-ке жуық қатысушы тіркелген.  UNESCO, ICJ, UNICEF, HRC, WHO, UNSC және ECOSOC сияқты 7 түрлі Комитет үшін ең жақсы 140 делегат таңдалды.

БҰҰ моделін өткізу барысында қатысушылар «Таяу Шығыстағы қарулы қақтығыстар мен босқындар – БҰҰ симуляциясы» тақырыбы төңірегінде ой өрбітті.

Айша Мұратова, Артем Пак, Адиля Амантаева, Бегім-Ана Қалымбет, Дәрмен Аусарбеков, Томирис Қарбаева, Мәдина Ахмадқызы, Інжу Қалымбет, Әлішер Қарқынбаев, Ару Құдассова, Мансұр Сайлаубек, Алуа Нұрлан, Аяла Мақсұтова, Лия Абаева, Аида Дінмұхамед және Томирис Баймұханова “Best Delegate”, “Outstanding Delegate” және  «Best Position Paper» номинацияларымен марапатталды. Сондай-ақ, UNSC конференцияның үздік комитеті атанды.

MUN клубы мүшелерінің айтуынша, олар көп ұзамай үйірмеге қабылдау туралы жариялайды.