жаңалықтар

IB педагогтерінің ғылыми-тәжірибелік конференциясы

NIS халықаралық бакалавриат мектебінде дәстүрлі «ХХІ ғасырда білім беру. Халықаралық бакалавриат педагогтерінің тәжірибесі негізінде» атты ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті.

Конференцияға елордалық №85 мектеп-лицейі, №81 мамандандырылған мектеп-гимназиясы, №66 мектеп-лицейі және Халықаралық мектеп педагогтері қатысты.

Екі кезеңге созылған конференцияның бірінші бөлімі теориялық ой алмасу болса, екінші бөлім постерлер сессиясына арналды.

Қазақ, орыс, ағылшын тілінде өткен мастер класстарда педагогтер халықаралық бакалавриат бағдарламасының қыр-сырымен бөлісті.