жаңалықтар

Жеңіс тұғырынан көрінді

NIS халықаралық бакалавриат мектебінің 9-сынып оқушылары Аяулым Кентаева, Рашида Карнакова, Амина Бауыржан, Альфия Кульчикова және Алтынай Аскар республикалық пікірсайыс турнирінде үздік атанды

Республикалық турнирді ұйымдастырушы ақтөбелік NIS-тің «Айтеке» клубы. Аталмыш турнирге жиырма төрт команда, жүзден астам ойыншы қатысқан.

Іріктеу кезеңінің нәтижесінде астаналық команда балл бойынша жиырма төрттің ішінен бірінші орынды иеленді, ал оқушылардың әрқайсысы барлық қатысушылардың ішінен топ-10 спикердің қатарына енді. Ал Аяулым Кентаева өз баяндамасымен ең жоғары ұпайды еншілеп, турнирдің үздік спикері атанды.

«Мен үшін пікірталас –  бұл өмір салты, мен оны өте қызықты ойын-сауық деп санаймын және осы салада әрі қарай даму жоспарымда бар », – дейді Рашида Карнакова.

Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Мағрипа Алтайбекованың айтуынша, қазіргі таңда мектепішілік дебат қозғалысын дамыту — өзекті мәселе:

– Пікірсайыс – оқушылардың бойында саяси мәдениетті, өз әрекеті үшін өзі және қоғам алдында жауапкершілікті, шығармашыл және сыни ойлау қабілетін қалыптастыру үшін өте қажет құрал.

Еске салайық, мектебіміздің оқушылары өткен айда қалалық пікірсайыс турнирінің жеңімпазы атанған болатын.