жаңалықтар

Бірегей фестиваль — Intercultural FEST

NIS Халықаралық бакалавриат мектебінде бірегей фестиваль — Intercultural FEST өтті,

“Intercultural Fest” – бұл қазіргі заманғы әлемдегі түрлі мәдениеттердің сан алуандығын мерекелеуге арналған бізге таныс емес форматтағы іс-шара.

Бүгін әрбір оқушы, әрбір мұғалім сүйікті еліміздің мәдениетіне ене алды.

Аталмыш фестивальде оқушылар Қазақстан, Оңтүстік Корея, Қытай, Испания, Мексика, Жапония, Франция, Бразилия, Германия және Өзбекстан секілді елдердің мәдениетін көпшілікке таныстырды.

Бүгінгі іс-шарада әрбір шаңырақ өз елін таныстыру үшін үлкен жұмыс атқарды.

Мектеп қоғамдастығы таңқаларлық нөмірлерді тамашалап, сонымен қатар таңдалған елдердің ұлттық тағамдарынан дәм татты.

Мектепте достық атмосферасы орнап, көңіл күйді көтерді.  

Фестиваль қорытындысы бойынша «Алакөл» шаңырағы үздік  танылды.