жаңалықтар

Жоғары оқу орындарының көрмесі

NIS халықаралық бакалавриат мектебінде «Begin Group» халықаралық компаниясының Түркия және БАӘ университеттерінің алғашқы көрмесі өтті

Жоғары оқу орындары көрмесіне жиырмадан астам университет өкілдері қатысты. Атап айтқанда, Istanbul Okan University, Bahçesehir University, Istanbul Kent University, istanbul Nisantasi University.

Оқушылар әрқайсысымен сөйлесуге және әр университеттің шарттары, талаптары мен мүмкіндіктері туралы көбірек білуге мүмкіндік алды.

– Іс-шара оқушыларымыздың шетелдік, дәлірек айтқанда түрік және араб университеттеріне түсу туралы білімдерін кеңейту және жаңа перспективалар ұсыну мақсатында өткізілді, – дейді мектеп президенті Зарина Абильмажинова.

Жаңа университеттермен танысуға мектебіміздің 200-ге жуық оқушысы келіп, көкейдегі сұрақтарына жауап алды. Олардың айтуынша, осындай білім беру көрмелері көбірек өткізілсе, мамандық және университет таңдау процесін жеңілдетеді.

Көрмені ұйымдастырушылар мектеп оқушыларының өзін-өзі басқару ұйымы @studentcouncil_nis.ib атынан құрылған «Kömek» еріктілер тобы.