жаңалықтар

Ташкентті таңқалдырған – «DermaMarker»

NIS халықаралық бакалавриат мектебінің оқушылары Орталық Азиялық стартап жобалар көрмесіне қатысты

Ташкент қаласында өткен көрмеге мектебіміздің 11-сынып оқушылары Томирис Ыдырысбаева, Арай Камалиева, Әмір Жақсылық және Әділет Аусарбеков қатысты.

Tamaris.Tech Expo стартапшылар көрмесінде 17 жоба іріктеліп алынған.

Зияткерлердің ұсынған «DermaMarker» қосымшасы «Глубокое погружение» – «Терең үңілу» номициясын иеленді.

«DermaMarker» деп аталатын қосымша – денедегі терінің пигментті (қал, мең) зақымдануын сканерлейтін және олардың қауіптілігін нейрондық желі (жасанды интеллект) арқылы талдайтын платформа. Платформа терінің пигментті түзілуінің 9 түрлі диагнозын анықтайды.