жаңалықтар

Республикалық ғылыми жобалар байқауының мектепішілік кезеңі

NIS халықаралық бакалавриат мектебінде жалпы білім беретін пәндер бойынша Республикалық ғылыми жобалар конкурсының мектепішілік іріктеу кезеңі өтті

Іріктеу кезеңде физика, математика, химия, биология, экономика және тілдер бағыты бойынша 39 жоба таныстырылды. Ғылыми жұмыстарды бағалау мектеп мұғалімдерінен құрылған комиссия мүшелеріне жүктелген. Үздік деп танылған зерттеулер жобалары желілік кезеңге жолдама алады.

Ғылыми конкурстың мақсаты: оқушылардың ғылыми-зерттеу және оқу-танымдық қызметін ынталандыру неғұрлым талантты және дарынды жас зерттеушілерді іріктеу және еліміздің зияткерлік әлеуетін қалыптастыруға үлес қосу.