жаңалықтар

NIS халықаралық бакалавриат мектебінің ұлдар құрамасы волейболдан желілік спартакиаданың жүлделі қола медаль иегері атанды

Спартакиаданың үшінші орын иегерін анықтайтын ойын Ақтөбе және халықаралық бакалавриат мектептері арасында өтті. Екі ойын нәтижесінде өз алаңында ойнаған астаналықтар қарсыластарын ұтты.

Волейболшыларды салтанатты марапаттау рәсімінде сөз алған Назарбаев Зияткерлік мектептерін дамыту департаментінің директоры Рустам Абилов барша ойыншыларды осынау спорт мерекесінің аяқталуымен құттықтады:

– Шынында да, ойындар жоғары деңгейде өтті. Әділ ойын үшін төрешілер алқасына алғыс айтамыз. Сондай-ақ біздің жаттықтырушылардың жұмысын атап өткім келеді. Ойындар кезіндегі эмоциялар мундиальдан кем болған жоқ.

Мектеп намысын қорғаған волейболшыларымыз –Аусарбеков Әділет, Руслан Мансур, Құрманғазы Әлиәмір, Сандалов Агзам, Мұратбек Бекарыс, Габдушев Нурали, Баятов Ержан, Тұрарбек Жәнібек.

Қыздар командасы – Таубаева Камила, Сандалова Алина, Нурашева Айлин, Мадалиева Камила, Уразова Айжан, Ултанбаева Айзере, Жандар Жания, Куанышева Эльнара.

Жас спортшыларымызды жеңістерімен құттықтай отырып, жаңа белестерді бағындыруларына тілектеспіз!

Спортшыларды жаттықтырған мектебіміздің дене шынықтыру пәні мұғалімдері — Ербол Амангельдин және Абай Амандықтың еңбегі зор.

Финалдан кейін бірнеше номинациялар бойынша спартакиаданың үздік ойыншылары анықталды:

«Үздік ойыншы» – Алматыдағы физика-математика бағытындағы NIS-тен Айсұлу Әділбек пен Ақтөбедегі Зияткерлік мектеп оқушысы Асылбек Жәнібек

«Үздік шабуылшы» – NIS халықаралық бакалавриат мектебінің оқушысы Алина Сандалова мен қызылордалық зияткер Алихан Байменов

«Үздік қорғаушы» – Қызылордадағы Зияткерлік мектептен Аружан Мырзабекова мен павлодарлық NIS спортшысы Нұрперзент Кәрібек

«Үздік үйлестіруші» – актөбелік волейболшы Сабирина Абишева мен Өскемендегі NIS оқушысы Ерұлан Төреқұлов.