жаңалықтар

Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойы қарсаңында бастау алған “30 қайырымды іс” жобасы жалғасын тапты.

Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойы қарсаңында бастау алған “30 қайырымды іс” жобасы жалғасын тапты.

🌱Қайырымдылық — ізгіліктің нақты көрінісі, адамның асыл қасиеттерінің бірі. Адам өз ұрпағына қайырымдылықты жастайынан үйретіп, адамгершілік қасиеттерге баулуға ұмтылады.

🌱Осы тұста, Нұр-Сұлтан қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі қауымдастығы бастамасымен мектептің 8 F және 10 G сынып ата-аналары мен оқушылары «Үміт» дағдарыс орталығына қажетті тұрмыстық заттарды табыстады. Мәселен, балаларға арналған қысқы киім-кешек, балалар арбасы, үтік және тб. қажетті дүниелерді жеткізіп берді.

🌱Өз кезегінде «Үміт» дағдарыс орталығы ыстық ықыластары мен алғыстарын білдірді.