жаңалықтар
«30 қайырымды іс»
Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсанында ұйымдастырылған “30 қайырымды іс” акциясы аясында Нұр-Сұлтан қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 8В сынып оқушылары мен ата-аналар комитеті «Өмірлік қиын жағдайда қалған адамдарды әлеуметке қосу орталығына» кітаптар, жылы сыртқы киім және аяқ киім және тб. тұрмысқа қажетті заттарды табыстады.
Өз кезегінде орталық өкілдері көрсетілген көмек үшін алғыстарын білдіруде.
Тумашинова Аира Хусаиновна 8-сыныптың ата-анасы: “Менін ойымша, мұндай акциялар дәстүрге айналып, барлық мектеп қоғамдастығы қолдайтын игі іске айналуына сенімім мол”.