жаңалықтар

1-мамыр бірліктің ерекше күні

NIS халықаралық бакалавриат мектебінде 1-мамыр Халықтар достығы күніне орай мерекелік шаралар шеруі басталды.

1995 жылдың 18 қазанында Президент  жарлығы бойынша 1 мамыр – Қазақстан халықтарының бірлігі күні деп жарияланды.

Бүгін мектебіміздің атриумында кураторлар мен ата-аналар мектеп қауымдастығын ұлттық тағамдармен қарсы алды.

–  Пандемиядан кейін мектепішілік шараларды оқушылар қатты сағынған. Бүгінгі күннің ерекшелігі мерекелік дастарханға 40 келі бауырсақ дайындалды. Оқушылардың көңіл-күйі керемет. Баршаңызды мерекемен құттықтаймыз,  – дейді директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Мағрипа Алтайбекова.

Таңғы сергітуде тек тәттілер ғана емес, қызықты интерактивтерде өтті. «Менің өмірімдегі мақал-мәтелдер» жобасы аясында оқушылар сұрақтарға жауап берді.

Сондай-ақ оқушылар мен ата-аналар өзге ұлт пен ұлыстың ұлттық киімдерін киіп, көпшілікке таныстырды.