жаңалықтар

ӘРІПТЕСТІК НӘТИЖЕЛІ БОЛМАҚ

Еуропалық -Әзірбайжан мектебінде алғашқы IB конференциясы өтті.

10-12 желтоқсанда Баку қаласында “Тәжірибе негізінде оқыту” тақырыбындағы IB мектептерінің (International Baccalaureate) конференциясына NIS халықаралық бакалавриат мектебінің өкілдері қатысты.

Конференция аясында Кавказ және Орталық Азия Халықаралық Бакалавриат мектептері қауымдастығын (Caucasus and Central Asia Association of IB World Schools) құру туралы Меморандумға қол қойылды.

Қауымдастық басқармасының мүшелері-Еуропалық Әзірбайжан мектебі( Әзірбайжан), Еуропалық Тбилиси мектебі (Грузия) және Нұр-Сұлтан қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі (Қазақстан).

Үш күнге жуық уақытта халықаралық сарапшылар құнды тәжірибелерімен бөлісіп және оқытудың негізгі принциптерін талқылады. Сонымен қатар, алдағы жоспарлар сараланды.