жаңалықтар
«Үміт» дағдарыс орталығына көмек
Қайырымдылық – ізгіліктің көрінісі. Ол көмекті қажет етушілерге білдірілетін сүйіспеншілік пен қол ұшын беру болып табылады.
🌱Ел тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойы қарсаңында бастау алған «30 қайырымды іс» жобасына 7 G сыныбының оқушылары да өз үлестерін қосты.
🌱Ата-аналар мен оқушылар «Үміт» дағдарыс орталығына қажетті тұрмыстық заттарды табыстады. Айталық, орталықтың сұрауымен мектеп жасындағы балаларға сабақ үстелдерін жеткізді.