жаңалықтар

NIS халықаралық бакалавриат мектебінің оқушылары үздіктер қатарында

Қазақ Ұлттық университетінің ұйымдастыруымен «Рухани жаңғыру» және Балалар жылы аясында оқушылардың IX Республикалық «Жас Әл-Фараби» ғылыми-зерттеу конференциясы өтті.

Конференцияға еліміздің әр өңірінен 350-ге жуық оқушы қатысқан. Нәтижесінде мектебіміздің оқушысы Алуа Шаришева жүлделі І орынды және Алмас Мурат ІІІ орын иеленді.

Конференцияның негізгі мақсаттары мен міндеттері:

1) студенттердің ғылыми және танымдық қызметін ынталандыру;

2) студенттер мен жас ғалымдарды заманауи ғылым мәселелерді шешуге қызықтыру;

3) шығармашылық қабілеттерін ашу, талантты және дарынды студенттерді іріктеу және қолдау;

4) студенттердің зияткерлік әлеуетін қалыптастыру.