жаңалықтар

Мектебіміздің оқушысы үздіктер қатарында

 

 Нұр-Сұлтан қаласы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 8Е сынып оқушысы Аркенов Тамерлан XXI ашық қалалық Жәутіков олимпиадасында математика пәнінен көрсеткен жетістіктері үшін II дәрежелі дипломмен марапатталды.

Олимпиаданың негізгі мақсаты математика, физика, информатика пәндеріне бейімі бар оқушыларды анықтау және ғылымға деген қызығушылықтарын арттыру, сондай-ақ дарынды балаларды қолдау.

 Құттықтаймыз! Жарайсын, Тамерлан!