Мерекелік құттықтаулар легі
NIS халықаралық бакалавриат мектебінің ұстазы Руслан Бешімбаевты мерекемен Нұр-Сұлтан қаласы Алматы ауданы қорғаныс істері жөніндегі басқарма бастығы құттықтады.
Құттықтау қағазында: «Осы уақытқа дейін әскери есепке алу мен шақырылым жұмыстарына жауапкершілікпен қарап, өте жоғары деңгейде атқарған қызметіңіз үшін зор алғыс білдіреміз» делінген.
Отанды қорғау әрбір азаматтың парызы. Елімізде Отанның қорғаушысы болуды армандайтын ұлдар мен қыздар білім алуда Олар Қазақстан тарихын тереңдетіп оқиды, алғашқы әскери дайындық сабағына аса бір ынтамен қатысып, болашақта тәуелсіз еліміздің мақтанышы тұтар аяулы ұлдары-Бауыржан Момышұлы, Талғат Бигелдинов, Тоқтар Әубәкіріов сынды халқының құрметті азаматы болуды армандайды. Ғасырлар бойы халқымыз ұрпағын ізгілікке, өз елін сүюге баулып келеді.
Бұл берік қалыптасқан дәстүрді ұлттық тәрбиенің өзегі, діңгегі десе де болады. «Атаның ұлы болма, адамның ұлы бол» дей келіп, адамның ұлы болуы үшін кісіге «Нұрлы ақыл, ыстық қайрат, жылы жүрек» керектігін ұлы Абай да жеріне жеткізе өсиет етіп кетті. Бұл өсиет, пікірлер бүгінгі мектебімізде жеке тұлғаны патриотизм рухында тәрбиелеудің темір қазығы.