жаңалықтар

Қаламгерлер мен өнер адамдары – халық айнасы

NIS халықаралық бакалавриат мектебінде танымал ақын және жазушымен кездесу өтті

NIS халықаралық бакалавриат мектебінде «Даналық бейсенбі» және «Замандастар жырлары» жобалары  аясында «Абай» мерейтойлық медалінің иегері, белгілі ақын – Жұлдызай Ысқақ және Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, «Шабыт» халықаралық  шығармашыл жастар фестивалінің лауреаты – Алмаз Мырзахметпен кездесу өтті. 

«Қаламгерлер мен өнер адамдары – халық айнасы» деп бекер айтылмаса керек. Әдеби кештің шымылдығын  Жұлдызай Ысқақтың сөзіне жазылған «Жақсы адамдар» әнімен NIS халықаралық бакалавриат мектебінің оқушысы Ақкербез Тлеубекова ашты.

Тағылымы мол, рухани кеште оқушылардың бойыңдағы тұлғалық һәм шығармашылық ізденістеріне жаңа бағыт салынды.

– Балалардың шығармашылық деңгейі таңғалдырды. Әдетте ғылымға бағытталған заманда әдебиет кенже қалып жатады, алайда бұл мектепте емес. Зияткер оқушылардың шығармашылық бағытың көріп, марқайып отырмын, – дейді Алмаз Мырзахмет.

Шынайы өнер туындысы ерекше шабыттан туады. Шамырқанған шабыттан көпшіліктің көңілінен шығып, жүрегін жаулайтын өнім жасау автордың шеберлігі мен шыдамдылығына байланысты. Қаламгерге қай туындысы да ананың балаға деген махаббатындай, сезімін бөліп-жармайды осы тұста авторлардың жеке шығармашылығынан оқушылар мәнерлеп өлең шумақтарын оқыды.

Сондай-ақ, 10 D сынып оқушылары Алмаз Мырзахметтің «Көгершін» әңгімесі негізінде бейнеленген Комиксті және сахналық көріністі көпшілікке паш етті.

Қонақтарды қызықтырған жобалардың бірі – IBEASY мектепішілік газеті. Жаңа леп, жаңа толқын жастардың аталмыш жобасы аға буынды бір қуантты. Айтуларынша, үлкен бір редакциялық ұжымның жұмысын, оқушылар-ақ атқарып жүр.

Дәстүр бойынша қонақтар мектеп кітапханасына жеке қолтаңбасымен кітаптарын сыйлады.