жаңалықтар

NIS IB мектебінің оқушыларының қайырымдылық акциясы

Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында басталған “30 қайырымды  іс” акциясы аясында NIS халықаралық бакалавриат мектебінің 11 F сынып оқушылары мен  ата-аналары өткен демалыс күндері аз қамтылған көп балалы отбасына барды. Алты баланың анасының өтініші бойынша жаңа электр пеші сатып алынды, жылы киімдер мен азық-түлік жиынтығы жиналды, ең кіші балаға арналған жөргектерді  табыстады.

Адамдарды қайырымдылыққа тарту қоғамның даму деңгейін көрсетеді.

“Басқаларға ештеңе күтпестен көмектесуге деген ұмтылыс әрқайсымызды ізгілікке баулиды.  Игі істер жасай отырып, біз өмірге дұрыс бағдар мен құнды тәжірибе аламыз”, – деп бөлісті 11 F сыныбының кураторы Әлия Сапарқызы.

Сондай-ақ,  11 F сынып оқушысы Давлетова Аида отбасымен бірге Ақмола облысының Ақкөл қаласында орналасқан  жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған №1 балалар үйіне барды. Орталық тәрбиеленушілеріне 11 F сынып оқушыларынан және  Аиданың жеке кітаптары мен сыйлықтар берілді. Қазір балалар үйінде 98 бала тәрбиеленуде. Өкінішке орай, пандемияға байланысты кездесулерге тыйым салынған.  Кітаптар кітапханаға табысталып, балаларға тәттілер мен жемістер берілді. Біз балалар үйінің әкімшілігінен кері байланыс алдық, балалар сыйлықтарды алып, кітапханадағы жаңа кітаптармен танысуды бастап та кеткен.