жаңалықтар

NIS-те желілік ғылыми жобалар конкурсы қорытындыланды

Бес күн бойы 300-ден астам жас зерттеуші сараптама комиссиясына өз өнертабыстарын ұсынды. Жоба тақырыптары жан-жақты әрі алуан түрлі – оқушылар адамдардың өмірін жеңілдетуге қабілетті мобильді қосымшалар, сервистер мен құрылғылар жасап, Қазақстан экожүйесінің жағдайын жақсарту тәсілдерін ойлап тапты, ал ең үздік жобалар тура мағынада ғарыштық ауқымдағы идеяларға ұласты.

Сайысқа төрт бағыт бойынша барлығы 264 жоба ұсынылды – «Ғылыми-техникалық прогресс – экономикалық өсудің негізгі буыны ретінде», «Экономикалық және әлеуметтік процесстерді математикалық модельдеу», «Таза табиғи орта – «Казақстан – 2050» стратегиясын жүзеге асырудың негізі», «Қазақстанның тарихи ескерткіштері мен перспективалық туристік бағдарлар».

Байқаудың жабылу салтанатында қатысушыларды «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Басқарма төрайымының орынбасары Азамат Жанкеев құттықтап, жоба авторларының Қазақстандағы дарынды ғалымдар қатарын толықтыратынына сенім білдірді.

Нұр-Сұлтан қаласындағы NIS халықаралық бакалавриат мектебінің оқушылары – Аяжан Темірболат, Екатерина Ким, Арман Рысмаханов жүзден жүйрік атанып жүлделі І-орынды иеленді.