жаңалықтар

Ғылыми жобалар конкурсы

🌱 Нұр-Сұлтан қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде жалпы білім беретін пәндер бойынша Республикалық ғылыми жобалар конкурсының мектепішілік іріктеу кезеңі өтті.

Іріктеу кезеңге физика, математика, химия, биология, экономика және тілдер бағыты бойынша 26 оқушы қатысты. Ғылыми жұмыстарды бағалау мектеп мұғалімдерінен құрылған комиссия мүшелеріне жүктелген. Үздік деп танылған зерттеулер жобалары желілік кезеңге жолдама алады.

🔰Ғылыми конкурстың мақсаты: оқушылардың ғылыми-зерттеу және оқу-танымдық қызметін ынталандыру неғұрлым талантты және дарынды жас зерттеушілерді іріктеу және еліміздің зияткерлік әлеуетін қалыптастыруға үлес қосу.