жаңалықтар
NIS халықаралық бакалавриат мектебінде «Шаңырақ» ұлттық жобасының салтанатты ашылу рәсімі өтті
NIS қауымдастығы арасында шаңырақтардың алатын орны зор. Мектеп өміріндегі шағын қауымдастық – оқушыларға ұжымда топтық рухты сезінуге және ұрпақтар сабақтастығын нығайтуға септігін тигізеді.
Мерекелік жиынды шаңырақтар гимнімен ашып, жиырма бір тудан құралған шеру жалғастырды.
– Алдағы уақытта оқушыларды қызықты шаралар күтіп тұр. Барлық мектеп қауымдастығын осындай айтулы шараның басталуымен құттықтаймын, – дейді директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Мағрипа Алтайбекова.
Жыл соңында ең көп ұпай жинаған «Шаңырақ» қоғамдастығына «Туған елге тағзым» зерттеу – өлкетану экспедициясына жолдама беріледі.