жаңалықтар

Футзалдан Желілік NIS спартакиадасының жеңімпаздары анықталды

Алматыда өткен жарыстың аймақтық кезеңіне Талдықорған, Семей, Өскемен қалаларының және алматылық қос мектептің зияткерлері қатысты. Ұлдар  командалары арасында Өскеменнің жас футболшылары чемпион атанып, Алматы физика-математика бағытындағы мектебінің ойыншылары күміс жүлдегер атанса, үшінші орында – павлодарлықтар. Қыздар арасында Үздік команда болып Өскеменнің сұлулары танылды, ол жеңісті семейлік ойыншылардан есе тұтса,  қола медаль оңтүстік астананың  химия-биология бағытындағы NIS-те қалды.

Алматы турының жұлдызы, NIS-тің «Мессиі» жетінші сынып оқушысы— Раушан Русланова атанды. Жас мерген  қарсыластар қақпасына 13 гол соғып,  мергендер көшін бастады.

Көкшетау дүбірлі додасында ұлдар арасында I орынды Петропавл қаласындағы Зияткерлік мектептің оқушылары иеленді. Ал, жүлделі II және III орындарды Елордалық физика-математикалық бағыттағы және Қарағандыдағы NIS спортшылары бөліп алды. Қыздар арасында өткен тартысты додада Көкшетаулықтар спартакиада жеңімпазы атанса,  Петропавлдан келген зияткерлер ІІ орынды, ал Нұр-Сұлтан қаласындағы IB командасы қола медальды қанағат тұтты.

Ұлдар арасында футзалдан жарыстың үздік ойыншылары:

 

Үздік шабуылшы: Нұрғазин Досымжан – НИШ ХБН Петропавл қ.

Үздік қорғаушы: Жүсіпов Әліби-НИШ IB Нұр-сұлтан Қ.

Үздік қақпашы: Асқар Мұхамеджан-НЗМ ФМБ Нұр-сұлтан Қ.

Үздік ойыншы: Әмірбек Ертөре-НЗМ ХББ Қарағанды қаласы.

 

Қыздар арасында:

 

Үздік шабуылшы: Қанат Нұрай-НИШ ХББ Қарағанды қ.

Үздік қорғаушы: Қуаныш Аруана-НИШ IB г. Нур-Султан

Үздік қақпашы: Елпанова Дарина-НИШ ХБН г. Петропавл

Үздік ойыншы: Аллаберген Баян – НИШ ФМБ Көкшетау қ.

 

Ұлдар арасында 1-3 орын:

 

1 орын: НЗМ ХББ Петропавл қаласы

2 орын: Нұр-сұлтан Қ. ФМБ НЗМ

3 орын: НЗМ ХББ Қарағанды қаласы.

 

Қыздар арасында 1-3 орын

 

1 орын: Көкшетау қ. ФМБ НЗМ

2 орын: Петропавл қ. ХББ НЗМ

3 орын: Нұр-сұлтан Қ.IB НЗМ.

 

Спартакиададан оралған жас футболшыларды бүгін мектеп қауымдастығы қарсы алды.