жаңалықтар

Фатима Ришаткызы «Абай мұрагері» төсбелгісімен марапатталды

2021 жылдың 18 қаңтарынан 28 ақпанына дейін «Абай мұрагері» халықаралық байқауы өтті.

NIS IB 10 сынып оқушысы Фатима РИШАТҚЫЗЫ “Ұлттық онлайн-олимпиадалар” орталығы ұйымдастырған байқауға қатысып, Абайдың «Александр» поэмасын орындады. Апта басында өткен байқаудың қорытындысы бойынша Фатима ІІІ орын үшін дипломмен және«Абай мұрагері» төсбелгісімен марапатталды.

Оқушыны халықаралық байқауға дайындаған және белсенділік танытқан жетекші Әлия Байжановаға алғысымызды білдіреміз. Фатиманы жетістігімен шын жүректен құттықтаймыз және оның өнерін көруге шақырамыз!