жаңалықтар

«Туған елге тағзым»

🔰Назарбаев Зияткерлік мектептерінде «Туған елге тағзым» өлкетану ғылыми зерттеу экспедициясының үздік зерттеу жобалары анықталды.

🔰Қашықтан өткен экспедиция екінші рет қатысушылардың рекордтық
саны (шамамен 1000) мен жобаларын (шамамен 700) жинады, ал онлайн-қорғау NIS оқушыларының зерттеу ауқымы мен креативтілігін
дәлелдеді.

🔍Қазылар алқасы құрамындағы Елбасы кітапханасы, «Рухани жаңғыру» қазақстандық қоғамдық даму институты, «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы, бірнеше ғылыми
институттар, Astana Hub IT-стартаптарының халықаралық технопаркі,
республикалық Ұлттық музейі, «Ұлы дала скауттары» қоғамдық
бірлестігі, «BilimInvest» білім беру инвесторларының ұлттық ассоциациясы, «Kazakh Tourism» ұлттық компаниясы, сондай-ақ
ЮНЕСКО сарапшылары академиялық білімнің жоғары деңгейі,
оқушылардың туған өлкедегі өзекті мәселелерді шешуге деген ынтасы мен жобалардың әлеуметтік бағарына оң баға берді.

Сондай-ақ жобалар қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде ұсынылғандықтан,
қазылар алқасы оқушылардың үш тілді еркін меңгергендігін де атап
өтті.