жаңалықтар

Бабалар салған сара жол — «Туған елге тағзым – 2022»

NIS халықаралық бакалавриат мектебінде желілік өлкетану экспедициясы өз мәресіне жетті. Биыл жобаға мектептің үздік «Каспий» шаңырағынан 50-ге жуық зияткер қатысты. Бір апта бойы жас өлкетанушылар елорда маңындағы тарихи-мәдени объектілерді зерттеді. 

IBліктер экспедицияның екінші күнін тарихты тануға және туған өлкелерінің флорасын зерттеуге, сондай-ақ Қазақстан Ғарыш Сапарына саяхаттады.

ҚР Тұңғыш Президентінің музейіне барған жас зерттеушілер тарихтың сан қырлы жолын квест арқылы байланыстырды. Осылайша, танымдарын кеңейтіп, білмеген сұрақтарының жауаптарын тапты.

Тарихи мұра — АЛЖИР мұражайы.

— Мұражайдың дәл қақ ортасында қара тасты жарып шыққан раушан гүлінің бейнесі мүсінделген. Шындығында, тастан ешқашанда гүл өсіп шықпаған. Бұл қара тас сол уақыттағы қара соғыс пен майданның символы ретінде, ал раушан гүлі — әйел адамның болмысын бейнелейді. Бұл композиция бізге қатты әсер етті,— дейді NIS халықаралық бакалавриат мектебінің оқушысы Балым Аблахат.

Нұр-Сұлтан қаласынан 70км шақырымда орналасқан «Родина» агрофирмасына барып, зауыттың сүт өнімдерін қалай өндіретінін өз көздерімен көріп қайтты.

— Ауылдың көптеген артықшылықтарын білдік, мысалы, сүт тағамдарының бағасы қалаға қарағанда бірнеше есе арзан. Расында да, осы ауыл бізді қатты таң қалдырды. Өте сапалы, тұруға ыңғайлы, жайлы, — дейді Алуа Шаришева.

— Жақсылап дем алып, уақытты пайдалы өткіздік. ТЕТ экспедициясының ерекшелігі— күндеріміздің әрқилылығы мен жан-жақтылығы,— дейді жас өлкетанушылар.