жаңалықтар

«Туған елге тағзым» өлкетану экспедициясы мәресіне жетті

🌱Бір аптаға созылған өлкетану экспедициясы өз мәресіне жетті. Жобаға тартылған 22 оқушы елорда жаныңдағы тарихи я маңызды маршруттар бойынша саяхаттады.

📍Экспедиция барысында жас өлкетанушылар 15 жуық кешенді көз көздерімен көрді. Оқушылардың жобадан алған әсерлері керемет. Өздері туып өскен өлке туралы тың деректерді білгенін, жаңа адамдармен танысқанын, туған жерге деген мақтаныштың еселеп артқанын жеткізді. Өлкетану жобасы әрі қарай оқушылардың таңдауы бойынша маршрутта белгілеген нысандар жөнінде ғылыми-зерттеу жобасын іске асырумен жалғасын табатын болады.