жаңалықтар

Тамерлан Аркенов – математика пәні бойынша NIS құрама командасына енді

NIS халықаралық бакалавриат мектебінің 8 Е сынып оқушысы Тамерлан Аркенов  жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндер бойынша Республикалық жасөспірімдер пәндік олимпиадасының желілік кезеңінен оза шығып,  NIS құрама командасына енді.

Олимпиадаға республикалық білім беру ұйымдарының 7-8 сынып оқушылары қатысқан.

Олимпиаданың мақсаты – оқушылардың жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндерді тереңдетіп оқытуға қызығушылығын арттыру, жоғары деңгейдегі олимпиадаларға жасөспірімдерді даярлау жүйесін жетілдіру және резерв құру.

Желілік  кезеңге 14 оқушы қатысып, матемаматикалық қабілеттерін сынады.

Республикалық «Дарын» орталығының хабарлауынша, олимпиаданы өткізудің ашықтығы мен академиялық адалдығын бақылау мақсатында мүдделі емес «үшінші тарап» («Adaldyq alańy» жобалық кеңсесінің қызметкері, ата-аналар комитетінің өкілдері, журналистер, ғалымдар немесе ЖОО оқытушылары) шақырылған.

Айта кетейік, осыған дейін де Тамерлан бірнеше мәрте математика байқауларының жүлдегері атанған.