жаңалықтар

Табиғат жанашырлары

NIS Халықаралық Бакалавриат мектебінің оқушылары эко-байқаудың финалистері атанды.

«Қоғамдық маңызы бар бастамаларды дамыту қоры» БҰҰДБ қолдауымен Нұр-Сұлтан қаласы мектептерінің 9-12 сынып оқушылары үшін экология және климаттың өзгеруі саласындағы инновациялық мектеп жобаларының конкурсын өтті.

Диана Байжанова, Камила Шайпранова және Гайде Жұмағұл әлемдік климаттық өзгеруді жастардың бойына «ойын» түрінде жеткізуді жөн көріп, тың жобаларын ұсынды.

“Маңызды экологиялық мәселе – жердің ластануын таңдап, біз қоғамды климаттын өзгеруі секілді әлемдік проблемаға бей-жай қарамай, көңіл бөлсе екен дейміз. Біз бірге ғана жақсы нәтижелерге қол жеткізе аламыз”, – дейді   эко-белсенділер.

Оқушылар танымал үстел ойындарын негізге ала отырып, құрдастарының көңілін климат мәселесіне өзге қырынан аударды. Бұл өз жағдайында баланың қызығушылығын әлдеқайда арттырады. 

Сонымен қатар, мектебімізде экологиялық мәдениетті дамытуға және мектеп қоғамдастығы арасында салауатты өмір салтын насихаттауға бағытталған “ECO club”  үйірмесі нәтижелі қызмет етуде.