“Қазақтың ұлттық ойындары” атты ұлттық-спорттық сайыс өтті
NIS халықаралық бакалавриат мектебінде “Ұлағат” әкелер клубының қатысуымен “Қазақтың ұлттық ойындары” атты ұлттық-спорттық сайыс өтті.
«Оқушы-Әке-Ұстаз» осы үштіктен құралған 3 топ асық ату, қол күрес, аударыспақ, арқан тартыс сияқты сияқты сайыс түрлерінен сынға түсті.
Қатысушылар сайыс барысында сақтық шараларын қатаң ұстанып, әрқайсысы жеңіске деген үмітпен және үлкен дайындықпен келгені байқалды.
Өз ойымен ата-ана Ермек Исмагулов бөлісті: «Біз Назарбаев Зияткерлік мектебіндегі “Ұлағат” әкелер клубының мүшесіміз. Бүгін Наурыз мерекесіне орай, ұлттық ойындар сайысы өтті. Әке көрген оқ жонар демекші, ұрпақтар сабақтастығын жалғап, жас өрендерге үлгі болу үлкен жауапкершілік».
Технологиялардың дамыған заманында жаңашылдыққа ұмтылумен қатар, ұлттық құндылықтарымызды жаңғыртудың да маңызы зор. Сондықтан, бұл шараның бізге берері көп дейді жоба жетекшісі Әлия Рыспекова.
«Заман ағымына сай, уақыттың тығыздығына қарамастан бала-мектеп-ата-ана бірлігін сақтау, өскелең ұрпаққа әке тәлімінің тереңдігін ұғындыру».
Сайыстың нәтижесінде жүзден жүйрік атанған «Наурыз» тобы жеңіске жетті.