жаңалықтар

Салауатты ұрпақ – тәуелсіздік тірегі

Биылғы жыл – төл тарихымыздың айшықталып, тәуелсіздігімізге 30 жыл толуымен ерекше.

Тәуелсіздік толғауы барлық жерде түрлі тақырыпта бастау алып, лайықты жалғасын табуда.

Осынау мерекеге өз үлестерін Нұр-Сұлтан қаласындағы NIS халықаралық бакалавриат мектебі қауымдастығы да өз үлестерін қосуда.

Демалыс күндерін спорттық сайысқа арнаған 7 С сыныбының оқушылары мен ата-аналары 1000 метрге марафон жүгірді.

Ботаникалық бақта өткен іс-шараның мақсаты балаларды салауатты өмір салтын ұстануға баулу. Таза ауада, табиғат аясында өткен іс-шара балаларға көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.

Жобаның барлық қатысушыларына алғысымызды білдіреміз!